Меню KDT
МЕНЮ
Астана қаласы әкімдігінің "Рақымжан Қошқарбаев атындағы № 44 жалпы орта білім беретін мектеп" ШЖҚ МКК

  

Директор: 
Култаева Ляззат Муханбетовна

        

Азаматтарды қабылдау күндері:

Сейсенбі

11:00-13:00

Бейсенбі

17:00-19:00

   
Директор блогы
 
Кері байланыс


 

 

введите текст



БК АКТ қазан 21.10.2026ж

БК АКТ қазан 09.10.2026ж

БК АКТ қыркүйек 2026 ж
 

БК АКТ наурыз 2026 ж
БК АКТ ақпан 2026 ж
БК АКТ қаңтар 2026 ж
 


БК АКТ желтоқсан 2025 ж 



Астана қаласы әкімдігінің «Рақымжан Қошқарбаев атындағы № 44 ЖОББМ» ШЖҚ МКК 2026-2027 оқу жылы бойынша «Мектепке жол акциясы» аясында жүргізілген жұмыстары туралы
А Н Ы Қ Т А М А С Ы

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысына және ҚР Оқуағарту министрлігінің 2023 жылғы 18 шілдедегі №5-15-2/4267-И хатына сәйкес оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде аз қамтылған және көп балалы отбасылар қатарындағы оқушыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету және білім беру ұйымдарына әлеуметтік себептермен балалардың мектепке келмеуінің алдын алу мақсатындағы «Астана қаласы білім басқармасы» ММ басшысының 2026 жылғы 23 шілдедегі №2031 бұйрығы негізінде, Астана қаласы әкімдігінің «Рақымжан Қошқарбаев атындағы № 44 ЖОББМ» ШЖҚ МКК «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы аясында жұмыс жүргізу жалғастырылды. Акцияның мақсаты: 2026-2027 оқу жылында әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу. Мектепке балаларды жинау балалардың оқумен қамтылмауын анықтау, балалардың мектепке себепсіз келмеуінің алдын алу. Акцияның негізгі міндеті – барлық балаларды міндетті орта білім алу құқықтарымен қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен тарту. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу туралы ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысы қағидаларын басшылыққа ала отырып, «Жалпыны міндетті оқыту» қорынан 58 оқушыға 2949358 теңге қаражат жұмсалды. Олар: - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан 6 оқушыға, - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан 15 оқушыға - жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын 7 оқушыға, өзге санаттар қатарынан шыққан, яғни қиын өмірлік жағдайдағы отбасы балалары -30 оқушыға, - асыраушысынан айрылған отбасы балалары - 7 оқушыға, - толық емес отбасы балалары - 13 - көп балалы отбасылардан шыққан – 17 оқушыға; "Мектепке жол 2026" республикалық акциясы аясында Сарайшық ауданы әкімдігінің демеушілігімен ұсынылған мектеп сөмкесі мен оқу құралдары, 1 сыныпқа мектеп табалдырығын аттағалы отырған кішкентай бүлдіршіндеріміз бен көп балалы отбасының 20 баласына ұсынылды. “Дәулеттен қорының” акция аясында ұсынған 5 сөмке оқу құралдары да көп балалы аз қамтылған отбасы оқушыларына таратылды. Жалақы жүйесі бойынша, серіктес болып келе жатқан “Форте Банк” АҚ да акция аясынан тыс қалмай, 5 оқушыға мектеп құралдаын ұсынды. Астана қаласының Маслихат Депутаты VII және VIII шақырылым депутаты, мектептің қамқоршылық кеңесінің мүшесі Смагулов Асқар Сайлаубекұлы мектебіміздің аз қамтылған, толық емес, көмекке мұқтаж 5 отбасының балаларын әрқайсысына 70000 тг қаражат есебінен мектепке толық киіндірді.  

«Дені сау бала әр отбасының қуанышы, бақыты

 Ал денсаулығы мықты бала  халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі.» Н.Ә Назарбаев .Бүгінгі

  адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты - дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақтың құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс.Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, организмнің қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және организмнің қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.

Әсіресе, «Ұрпақ денсаулығы – ұлттың саулығы»- демекші, дені сау ұрпақ қалыптастыру үшін – оны назардан тыс қалдыруға болмайды.Сондықтан да мектеп оқушыларының дұрыс тамақтануы мен денсаулығы, олардың дұрыс өсіп жетілуі бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осыған байланысты Нұр Сұлтан қаласының мектептеріне жаңа пән енгізілді.Бұл пәннің ерекшелігі өте зор!Салауатты тамақтану пәні оқушылар үшін өте қызықты!2019-2020 жж. Нестле компаниясының"Дені сау балалар"жаһандық бағдарламасы  шеңберінде өткізілген

 "Дұрыс тамақтану және салауатты өмір салты туралы" Алтыншы халықаралық байқауға қатысып түрлі елдердің ұлттық тағамдарының ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту және дұрыс тамақтанудың маңызы зор екенін шәкірттеріме  жеткізу мақсатында осы конкурсқа қатыстық Нұр- Сұлтан қаласының  44 орта мектебінің 2Б сынып оқушылары байқаудың үш кезеңіне де қатысты.Әр кезеңедері өзінше ерекшелігімен оқушылардың көңілдерінен шығып қызығушылықтарын арттырды.Әр турда оқушыларды және  сынып жетекшісін дипломдармен марапаттап отырды.Соңғы турда да конкурстың жеңімпаздар  болып дипломмен және сыйлықтармен марапатталдық."Еңбек деген байлық бар,ерінбеген жететін ""демекші біз осы байқаудың соңына дейін жетіп өз бағамызды алдық!

 Алтыншы халықаралық байқау Россия, Беларусь, Қазақстан  Республикасының арасында өткізілді.Балалардың алған әсерлері ерекше .Бұл байқауға сыныбымнан 30 оқушы белсене қатысты.Ата- аналардың ат салысып белсене қатысып қолдау көрсеткендерінің арқасында біз осындай  жетістіктерге қол жеткіздік! "Дені сау балалар"Нестле жаһандық бағдарламасы жылда жүзеге асып жетістіктерге жете беруге тілек білдіреміз!

 

Нұр -Сұлтан қаласы 44 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бидахметова Айгуль Сасановна

 
                          


Дені сау ұрпақ тәрбиелейміз Халықаралық жоба бойынша байқаудың жеңімпаздарын дипломмен, сыйлықтармен марапаттау рәсімі