Меню KDT
МЕНЮ
Астана қаласы әкімдігінің "Рақымжан Қошқарбаев атындағы № 44 жалпы орта білім беретін мектеп" ШЖҚ МКК

  

Директор: 
Култаева Ляззат Муханбетовна

        

Азаматтарды қабылдау күндері:

Сейсенбі

11:00-13:00

Бейсенбі

17:00-19:00

   
Директор блогы
 
Кері байланыс


 

 

введите текст

📚 БІЛІМДОДАСЫ – БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ!🏆

2026 жылғы 28 қазанда мектебімізде жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі жоғары деңгейде өтті.

Бұл – жай ғана білім сайысы емес, ізденіс пен талпыныстың, логикалық ойлау мен табандылықтың, арман мен мақсаттың тоғысқан ерекше алаңы!

✨ Әрбір тапсырма – жаңа мүмкіндік!
✨ Әрбір жауап – білімге бастар қадам!
✨ Әрбір қатысушы – болашақ жеңімпаз!

Бүгінгі білім додасында бақ сынаған барша оқушыларымызға сәттілік тілейміз! Білімдеріңізді шыңдап, биік белестерді бағындырып, келесі кезеңдерде мектебіміздің мерейін үстем ете беріңіздер!




Құрметті әріптестер, қадірлі ұстаздар!

Баршаңызды еліміздің ең ұлық мерекелерінің бірі – 25 қазан Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл – елдігімізді айшықтайтын, тәуелсіздігіміздің тұғырын биіктететін, ұлттық рухымызды асқақтататын қастерлі мереке. Бірлігіміз бекем, ынтымағымыз жарасымды, Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! Көк байрағымыз әрдайым биікте желбіресін! 
Республика күні құтты болсын! 



📚 «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» – РУХАНИЯТ ПЕН ТАҒЫЛЫМ ТОҒЫСҚАН КЕЗДЕСУ!

📖 «Кітап оқитын ұлт» ұлттық жобасы аясында Рақымжан Қошқарбаев атындағы №44 жалпы орта білім беретін мектебімізде ақын, сазгер Әбдіғани Бәзілханұлымен тағылымды кездесу өтті.

✨ Рухани кешке Ардагерлер алқасының өкілдері, мектеп директоры Л.М.Култаева, ұстаздар мен оқушылар қатысты.

🎤 Кездесу барысында ақын шығармашылығы, ұлттық рух, отансүйгіштік, адамгершілік құндылықтары мен кітап оқудың маңыздылығы туралы мазмұнды әңгіме өрбіді.

💐 Іс-шара аясында Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 19.10 туған күнінде ерлігіне құрмет көрсетіліп, рухына тағзым етілді және гүл шоқтары қойылды.

🇰🇿 Бұл тағылымды кездесу жас ұрпақтың бойына «Адал азамат» құндылықтарын сіңіруге, ұлттық рухты асқақтатуға, тарихи тұлғаларға құрмет пен кітап оқуға деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға бағытталды.

📚 *Кітап оқитын ұрпақ – ел болашағы!*

#КітапОқитынҰлт #АдалАзамат #РақымжанҚошқарбаев #44Мектеп #РуханиКездесу #ҰлттықҚұндылықтар #ҰрпақТәрбиесі #Отансүйгіштік

  

1 мамыр – Бірлік күніне арналған іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырып, өткізген 7«А» сынып жетекшісі Асем Сарсенбековнаға және 7 «В» сынып жетекшісі Ботагөз Шертаевнаға шынайы алғысымызды білдіреміз.

Сіздердің еңбектеріңіз, шығармашылық ізденістеріңіз бен оқушыларға деген жанашырлықтарыңыз мерекенің мазмұнды әрі әсерлі өтуіне зор үлес қосты. Еңбектеріңізге табыс, шығармашылық шабыт және алдағы жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз!


Мұғалімдер мен ата-аналардың назарына!

2025–2026 оқу жылының аяқталуына және 4, 9, 11 сыныптарда қорытынды аттестаттау өткізілуіне байланысты «№44 Рақымжан Қошқарбаев атындағы жалпы орта мектеп» ШЖҚ КММ әкімшілігі сіздердің назарларыңызға келесі маңызды талаптарды жеткізеді:
Педагогикалық әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мұғалімдерге материалдық қаражат жинауға және сыйлықтар қабылдауға қатаң тыйым салынады.
Бітіру іс-шараларына аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, студияларды және басқа да ақылы қызметтерді тартуға жол берілмейді.
Оқушылар мен ата-аналардан мектептің жөндеу жұмыстарына немесе шаруашылық қажеттіліктеріне қаражат жинауға қатаң тыйым салынады.
Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында автокөлік шерулерін ұйымдастыруға, сондай-ақ ойын-сауық орталықтарында, мейрамханалар мен кафелерде мерекелеуге тыйым салынады.
Мектеп аумағында да, одан тыс жерлерде де ата-аналар тарапынан бітіру іс-шараларына арнап дастарқан ұйымдастыруға және қаражат жинауға жол берілмейді.
Аталған талаптардың орындалуы мектеп әкімшілігінің қатаң бақылауында болады. Бұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және мектеп талаптарын сақтауларыңызды, сондай-ақ түсіністік танытуларыңызды сұраймыз.
Құрметпен,мектеп директоры 
Култаева Ляззат Муханбетовна!

Мектебімізде 8-сынып оқушыларының қатысуымен тәрбиелік мәні зор екі бірдей іс-шара – “Қайырымдылық” және “Ұлттық киім күні” жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз дәрежесінде өтті.

“Қайырымдылық” іс-шарасы барысында 8-сынып оқушылары мейірімділік пен жанашырлықтың жарқын үлгісін көрсетті. Олар көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, қайырымдылықтың маңызын терең түсіне білді. Оқушылардың белсенділігі мен ізгі ниеті бұл шараның мәнін арттыра түсті.

Ал “Ұлттық киім күні” аясында 8-сынып оқушылары ұлттық нақыштағы әсем киімдер киіп, халқымыздың бай мәдени мұрасын дәріптеді. Әрбір киімдегі ою-өрнек пен сәндік ерекшеліктер арқылы ұлттық болмысымыз айқын көрініс тапты. Оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, ұлттық дәстүрге деген құрметтерін білдірді.

Осындай мазмұнды іс-шаралар 8-сынып оқушыларының рухани дамуына, ұлттық құндылықтарды құрметтеуіне және адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына зор ықпал етті.